Биылғы 1 тамыздағы дерек бойынша атаулы әлеуметтік көмек 259 мыңнан астам адамға тағайындалды. Оларға 18,6 млрд теңге төленді. Бұл мемлекеттік жәрдемақы табысы төмен отбасыларға берілетін қолдау. Материалдық көмек тоқсан сайын тағайындалады. Сонымен қатар 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша төлем беріледі. Азаматтарға жұмыс табуға, өз ісін ашуға грант алуға да мүмкіндік бар. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тұрғындар жұмыспен қамту орталығына, ауыл әкімдігіне немесе электрондық Үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.
Ернұр Медет