Қазақстанның екінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтетін WTA 1000 турнирінің 1/8 финалында өзіне қолайлы қарсылас – чехиялық Каролина Плишковаға қарсы ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Қазіргі таңда Плишкова рейтингте 130-орында тұр. Ол 1/16 финалда бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Лаура Зигемундты (Германия) 6:1, 6:4 есебімен жеңген.

Ал Рыбакина мен Плишкова арасындағы жеке кездесулерде есеп – 4:0 болып, Қазақстан теннисшісінің пайдасына шешілген.

Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады

WTA 1000 турнирінің ¼ финалы ойындары Қазақстан уақытымен бүгін 23.30-дан кейін басталады.