Ертең Германияның Мюнхен қаласында УЕФА чемпиондар лигасының финалы өтеді. Футбол жанкүйерлері асыға күткен матчты «Qazsport» арнасының комментаторлары альянц аренада тікелей эфирде жүргізеді.

УЕФА Чемпиондар лигасы – клубтық футболдағы ең беделді турнир. Бұл доданың жеңімпазына табысталатын кубок – футбол әлеміндегі ең бағалы жүлделердің бірі. Оның тек сыртқы көрінісі ғана емес, тарихы да ерекше. Қазіргі қолданылып жүрген кубок — бесінші нұсқа. 1967 жылы УЕФА-ның бас хатшысы Ханс Бангертер түпнұсқа трофейді «Реал Мадридке» табыстағаннан кейін, жаңа кубок жасау қажеттілігі туындады. Қазіргі Кубокты жасауға 340 сағат кеткен. Кубоктың салмағы – 7,5 килограмм, ал биіктігі – 73,5 сантиметр.

Ерсін Ерік