Нұрлан Байжігітұлы "Алқа" радиосында тыңдарманның ерекше сұрағына жауап берді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Имам «Еркектерге ботокс жасауға бола ма» деген сұраққа жауап берді.
«Егер сіздің түріңіз әбден жаман, адам шошитын, әйелің сені тастап кететін болып, бүкіл ел көргенде қорқып, балалар мазақтап, көшеде жүре алмайтын, жұмыстан шығаратын болып жатса, салуға болады. Сондай күйге түссең, қасыңды да кессең, ботоксты да жасасаң болады. Бұл — аса қажеттілік болған жағдайда. Бірақ, сұлулық үшін, бұдан да әдемілене түсейін десеңіз, арам болады», — дейді ол.
Нұрлан имамның бұл жауабын желі қолданушылары қызу талқылауда.
«Дұрыс айтасыз, күлетін жағдай емес. Қазір кей еркектер қыздардан әдемі», «Ақырзаман жақындап қалды-ау, еркектер бетімен алысып кетті», «Еркек жауапкершілігімен, имандылығымен сұлу», «Алланың берген түріне қарсы келмеу керек», — деп жазды олар.