Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, болмай ма деген сауал туындап, бұл мәселе төңірегінде пікірталастар жиілей түсті. Тіпті кей жағдайда адамдар бір-бірімен сөзге келіп жатады. Осыған байланысты имам Нұрлан Асанов аталған мәселеге қатысты өз жауабын берді деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Имам Нұрлан Асановтың айтуынша, ислам дінінде Жаңа жыл, Наурыз, тіпті Конституция күні немесе Республика күні секілді мемлекеттік мерекелер арнайы бекітілмеген. Алайда «дінде жоқ» деген уәжбен мұндай күндерді мүлде жоққа шығарып, оларды қоғамнан шеттету дұрыс емес.

Оның сөзінше, мұндай көзқарас қоғамды бөлшектеп, елдік санадан алыстатуы мүмкін.

«Біз зайырлы мемлекетте тұрамыз.Әр зайырлы мемлекеттің өзінің мерекесі бар.Сондықтан әр нәрсе өз жөнімен болу керек»

Сондай-ақ имам адамдарды бір-біріне «кәпір», «дінсіз» деп айыптаудың қажеті жоқ екенін айтып, әр нәрсе өз жолымен болғаны дұрыс екенін жеткізді.

@qrnewskz

Жаңа жылды атап өтуге бола ма? Осы сауалға имам Нұрлан Асанов жауап берді. Айтуынша, исламда Жаңа жыл, Наурыз, тіпті Конституция күні немесе Республика күні секілді мемлекеттік мерекелер бекітілмеген. Алайда “дінде жоқ екен” деп мұндай күндерді мүлде жоққа шығарып, шетке ысырып тастау – қоғамды бөлшектеп, елдік санадан алыстатуы мүмкін.

♬ оригинальный звук — qrnewskz