Жаңа жыл қарсаңында Ішкі істер министрлігі ел аумағында «Құқықтық тәртіп», «Шырша» және «Пиротехника» атты жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп жатыр.
Мереке күндері қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар 3 қаңтарға дейін жалғасады. Полиция көшелерде, аулаларда, сауда орындарында және адамдар көп жиналатын жерлерде патрульдеуді күшейтті. Жол қозғалысы ережелерінің сақталуына, алкоголь өнімдерінің заңсыз саудасына тосқауыл қоюға назар аударылды. Бұдан бөлек, жасөспірімдер мен жастар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.