Өткен дүйсенбі Париждегі 10-шы аудандағы зергерлік бұйымдар дүкеніне тауар тасымалдаушыларға шабуыл жасалды. Қарақшылар құны 150 мың еуро тұратын жақұтты қолды еткен, деп жазады Egemen.kz.
Қаскөйлер көлік тұрағында тасымалдаушыларды күтіп тұрып, мекенжайға жеткенде қарумен қорқытып, шабармандардың бірінің басынан балғамен ұрған.
Шабуылдаушылар көздеген дүниесін алып, бой тасалаған.
Париж полициясының мәліметінше, күдіктілер 5 бума зергерлік бұйым мен алтындарды ұрлаған. Шабармандар жеткізбек болған тауардың ішінде ерекше жақұт тас та болған.
Айта кетейік, бұған дейін Лувр музейінде бұрын-соңды болмаған ұрлық жасалған еді.
Луврдағы ұрлықтан кейін Қазақстан музейлеріндегі қауіпсіздік деңгейі де тексерілді.