Эйфель мұнарасының тарихи баспалдағының бір бөлігі Франциядағы аукционда 450 мың еуроға сатылды. XIX ғасырдың соңында жасалған бұл металл конструкция мұнара қабаттарын жалғап тұрған, деп хабарлайды Egemen.kz
Arcurial аукцион үйінің хабарлауынша, сатылған баспалдақтың салмағы 1,4 тонна, биіктігі 2,7 метр, 14 сатыдан тұрады. Әу баста аукцион 120-150 мың еуродан басталған. Сауда барысында аты-жөні жарияланбаған француз коллекционері ең жоғары баға ұсынып, оны 450 мың еуроға сатып алған. Ол 40 жыл бойы жеке коллекционердің қолында болған. Сатылымға шығармас бұрын реставрация жасалған.
Естеріңізге салайық Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданынан қарасты Жалпақтал ауылының түлектері Эйфель мұнарасының көшірмесін өз ауылына сыйға тартқан еді. Оның ұзындығы 30 метрге жетеді.