Жедел-іздестіру іс-шаралары бір мезетте бірнеше мекенжайда жүргізілді.
Павлодар облысында өнеркәсіп аймағынан ұрлық жасады деген күдіктілер тобы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақсу қаласында полиция қызметкерлері өнеркәсіп аймағынан түсті металл ұрлады деген күдікке ілінген, 3 адамнан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.
"Тергеу мәліметінше, күдіктілер алдын ала жоспар құрып, түнгі уақытта өнеркәсіп нысанының аумағынан түсті металды жасырын түрде ұрлап отырған. Ұрланған мүлікті тасымалдау үшін автокөлік пайдаланылған. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 10 млн теңгеден асады", – деді Жасұлан Танжанов.
Жедел-іздестіру іс-шаралары бір мезетте бірнеше мекенжайда жүргізілді. Тінту барысында байланыс құралдары мен қылмыс жасау кезінде пайдаланылды деген күдік тудырған көлік құралдары тәркіленді.
Сонымен қатар ұрланған мүлікті өткізген орын анықталды.