Рекорд Lo Show Dei Record телешоуы аясында ресми түрде тіркелді.

Отандық алып күш иесі Сергей Цирульников Миланда Guinness Records кітабы бойынша үш әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спорт комитетінің хабарлауынша, дақты спортшымыз Миланда (Италия) Guinness World Records өкілдері тіркеген үш әлемдік рекордты бірден жаңартты.

Сергей Цирульников жеңісін Қазақстан халқына арнайтынын жеткізді.

"Бұл тек физикалық күш емес. Бұл – ата-бабаларымыздан мирас болған рухтың күші, ұлттық ерік-жігеріміздің символы", — деді ол.

Алып күш иесі 57 секундтың ішінде өлшемі 22×8 мм болатын 14 темір тағаны бүктеп, бір минутта тоғыз резеңке жылытқышты үрлеу арқылы жарып, сондай-ақ бір минутта жалаң қолмен шойын табаға 19 шеге қаққан.

Бұл жетістіктердің барлығы Италияның Lo Show Dei Record телешоуы аясында ресми түрде тіркелді.