"Қазавтожол" ұлттық компаниясы ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
2025 жылғы 19 желтоқсан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Республикалық маңызы бар екң облыста автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі.
– Ақтөбе облысының «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автомобиль жолының 5-234 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтық елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін); Сондай-ақ, Қостанай облысының — «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автомобиль жолының 234-501 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасынан Рудный қаласына дейін) аумағында жол жабық, – деп жазылған хабарламада.