Әлем бойынша 55 жоғары оқу орны IB университеті ретінде танылған. Енді олардың қатарына SDU University қосылды. Зерттеушілік педагогика, бағалау мен академиялық адалдық. IB бағдарламасы мұғалімдерді даярлауда осы қағидаттарды ұстанады. Қазір дүниежүзінде бес мыңнан аса мектеп осы жоба бойынша оқыталады.
Саясат Нұрбек, ҚР ғылым және жоғары білім министрі:
- IB деген халықаралық бакалавриат станадарты. Міне, жабық кішігірім клубқа біздің SDU университеті қосылып жатыр. Бұл өте үлкен жетістік. Яғни SDU университетінің түлектері енді сол мыңдаған мектептерде сабақ бере алады. Педагог бола алады.
Бағдарламаны студенттер 2-курстан бастап оқиды. Дәріс келесі семестрде басталады. Сынақты сәтті тапсырған жағдайда дипломмен бірге сертификат табысталады. Сабақ тек ағылшын тілінде жүреді.
Әлімжан Игенбаев , SDU University ректоры:
- Арнайы мамандар курстан өтілген және сол халықаралық мектептерден тәжірибеден өткен мамандар бұл курстарда дәріс оқиды. Соның шеңберінде физика, химия, математика сияқты әр бағыттың өзінің эксперті бар. PYP, MYP, DP бағдарламасын алдық. Енді біз инсервьюс деген екішіні кезеңді алдағы уақытта енгіземіз.
Бұл жоба шетелден мамандар мен студенттер тартып, еліміздің халықаралық білім хабына айналуына үлес қосады. Қазір елімізде 17 IB World School жұмыс істейді. SDU University осы мектептерге кадрлық қолдау көрсетуді көздеп отыр.
Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарымбаев