Оқиға наурыз айында болған.
Қарағандыда медициналық университеттің студенті болған Үндістан азаматы жатақхана терезесінен құлап, көз жұмды. Оның денесі отанына жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Телеграм арналардың бірінде пайда болды. Қайғылы оқиға 17 наурызда болғаны айтылған.
"Аталған ақпаратты мемлекеттік органдар жарияламады. Университет студенттері "Патриот" редакциясына хабарласып, досы әрі курстасының қазасы туралы хабарлады. Үндістан азаматы медициналық университеттің халықаралық медицина факультетінің соңғы курсында оқыған. Ол 21 жаста еді. Студент өзі тұрған жатақхана бөлмесінің бесінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Университет те, полиция да оның азаматтығын ресми түрде атамады", – делінген жазбада.
Телеграм арнаның дереккөздері студенттің Үндістан азаматы болғанын мәлімдеген.
"Қарағандыдағы жоғары оқу орындарының бірінің 21 жастағы студентінің бесінші қабаттан құлап, қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Тергеу аясында барлық қажетті тергеу амалдары өткізілді. Жиналған материалдар мен сараптама қорытындылары негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.
Халықаралық медицина факультетінің деканы Қасым Сәрсенбаевтың айтуынша, қайғылы жайт наурыз айында болған.
"Ол жатақхананың 5 қабатындағы терезеден құлап кеткен. Алған жарақат салдарынан көз жұмды. Университетте буллинг деректері жоқ. Моральдық-психологиялық ахуал қолайлы", – деді университет өкілі.