Өлімнің алдын-ала себебі – созылмалы ауру.


Әлеуметтік желіде Гуанчжоу – Алматы рейсінде бір жолаушының қайтыс болғаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

– Алдын ала өлім себебі – созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе – Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушы көз жұмғанын жазған едік.