Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасында өрт шығып, әскери қызметкер мен баласы қаза тапты, Sn.kz ақпарат порталы.

6 желтоқсанда Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметкер мен оның баласы қаза тапты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.