Сабыржан Аққалықовтың 1/2 финалдағы қарсыласы жарақат алды.
75 келі салмақта Сабыржан Аққалықов Дубайдағы әлем чемпионатының финалына шықты. Сабыржанның 1/2 финалдағы қарсыласы өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Нәтижесінде өзбекстандық боксшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Айта кету керек, Ресей құрамасының барлық 13 боксшысы да жартылай финалға өтті. Ал Өзбекстан құрамасынан 11, Қазақстан құрамасынан барлығы 6 былғары қолғап шебері жолдама алған болатын.
1/2 финалдық жекпе-жектер кестесі
17:00
48 кг. Теміртас Жүсіпов – Эдмонд Худоян (Ресей)
54 кг. Сәкен Бибосынов – Тапа Чандра Бахадур (Непал)
22:00
57 кг. Оразбек Асылқұлов – Андрей Пегливанян (Ресей)
63,5 кг. Ертуған Зейнуллинов – Илья Попов (Ресей)
71 кг. Абылайхан Жүсіпов – Ихтияр Нишонов (Қырғызстан)