18 қараша күні Алғабас ауылында үй өртеніп, 12 адам қаза тапқан еді.

Артынша өрттен тірі қалған 3 адамның жансақтау бөлімінде жатқаны айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін өкінішке қарай, ауруханада ауыр жарақат алған 7 жастағы қыздың да қайтыс болғаны хабарланды.

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылындағы өрттен бұған дейін 12 адамның, оның арасындағы 9 баланың көз жұмғаны ел тұрғындарының қабырғасын қайыстырды. Бүгін қаза тапқан балалардың саны 10-ға жетіп отыр.

Бүлдіршін Жетісайдан тікұшақ арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген еді. Десе де, дәрігерлердің барлық жанкешті іс-әрекетіне қарамастан, 7 жастағы қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Марқұмның денесі туған ауылына жеткізіліп, жер қойнына тапсырылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та уақытында Түркістан облысында өрт салдарынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтқан еді.