Жол қозғалысын реттеу үшін уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне орай 15 мамыр күні Түркістан қаласының бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Уақытша шектеулер кезең-кезеңімен "Алтын шаршы" аумағында, Б.Батырбеков, Т.Бокин, С.Қожанов және Байбұрт көшелерінде, сондай-ақ "Керуен сарай" туристік аймағы, Б.Саттарханов даңғылы, № 11, № 32 және № 9 көшелер, Шымкент тас жолы, Есім хан даңғылы мен Әуежай тас жолында енгізіледі", — делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.
Осыған байланысты қала басшылығы тұрғындар мен қонақтарды уақытша енгізілетін шектеулерді ескеріп, жол бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды
Бұдан бұрын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен музей-қорыққа қарасты барлық музейлер 14-15 мамыр күндері келушілер үшін жабық болатыны хабарланды.