Руанда Қазақстанның цифрландыру бағытына қызығушылық танытып отыр. Ендігі кезекте екі ел ақпараттық технология, электрондық үкімет , киберқауіпсіздік мәселелеріне қатысты ортақ жобаларды жүзеге асырмақ. Ал Қазақстан Руандадағы берилий концентратын сатып алмақ. Бүгін Қазақстанға келген Руанда Президенті Поль Кагамэнің ресми сапары аясында Мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдап, бірқатар келісімге қол қойды. Нәтижесінде көлік-логистика және сауда-саттық салаларын ілгерілету үшін бірлескен жұмыс топтары құрылмақ. Бұл ретте Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Африка құрлығына тасымалдау жолдары да қарастырылып отыр. Одан бөлек инвестиция және қаржы салаларындағы байланыстарды нығайту мақсаты тұр. Тағы бір келісім. Енді Қазақстан мен Руанда дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босатады.

Раушан Сайлауқызы