11 қарашада Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ескерту жасады.
"Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", — деді ҚазАвтоЖол өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз