Алматы облысының Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаев пен тағы бірнеше адамға үкім шығарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотта не анықталды?
Сот мәліметінше, Қ.Х. басқа сотталушылармен алдын ала сөз байласып, А.-ға күш қолданып, шабуыл ұйымдастырған. Айыпталушылар Қ., Ақ., Ал., Ас., С. жәбірленуші А.-ны күштеп көлікке отырғызып, елді мекеннен тыс жерге апарып, соққыға жыққан.
Салдарынан жәбірленушіге ауыр жарақат салған. Бұдан бөлек, сот мәліметінше, Қ.Х. басқалармен бірге азамат Т.-дан 1 000 000 теңге көлеміндегі қаражатты күш қолдана отырып, қорқытып алған.
Айыпталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғағымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, беттестіру нәтижесімен және сараптама қорытындыларымен дәлелденген.
Сот үкімі
- Қ.Х. ұйымдастырушы ретінде 12 жылға бас бостандығынан айырылды;
- Қ. бұрын ауыр қылмыс (бұзақылық) үшін сотталғанын ескере отырып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;
- Ақ. бұрын ауыр қылмыс (бұзақылық) үшін сотталғанын ескере отырып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;
- С. бұрын аса ауыр қылмыс (кісі өлтіру) үшін сотталғанын ескере отырып, 22 жылға бас бостандығынан айырылды;
- Ал. және Ас. 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!