Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері Эр-Риядтағы жарыста қарсылас шақ келтірер емес.
Эр-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында үстел теннисінен ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан ұлттық құрамасы сенімді ойынымен көпшіліктің назарын аударды.
1/4 финал кезеңінде қазақстандық команда Катар құрамасын 8:1 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Бұл кездесуде Алан Құрманғалиев пен Айдос Кенжеғұлов дуэты алғашқы ұпайды алып берді – 2:1.
Артынша Кирилл Герасименко қарсыласын жеңіп, есепті еселей түсті – 3:0. Матчтың шешуші сәтінде Алан Құрманғалиев тағы бір сенімді жеңіске қол жеткізді – 3:0.
Енді бүгін, 10 қараша күні сағат 15:00-де біздің спортшылар жартылай финалда ????????Түркия құрамасына қарсы сынға түседі. Рейтингте Қазақстан (WR №27) қарсыласынан жоғары орналасқанымен, жарыстың бұл кезеңінде әр матчтың бағасы бөлек.
Қазақстан ерлер құрамасының құрамы:
Кирилл Герасименко
Алан Құрманғалиев
Айдос Кенжеғұлов
Айта кетейік, биылғы ойындарға 55-тен астам елден 3000-нан аса спортшы қатысуды. Олар 24 спорт түрі бойынша бақ сынауды. Оның ішінде олимпиадалық, дәстүрлі және пара спорт түрлері бар. Бұл турнир көптеген елдер үшін 2026 жылғы Азия ойындары мен 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық кезеңі болмақ.