Бүгін WTA жаңартылған рейтингтерді жариялады.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сын бойынша жаңартылған әлемдік рейтингтерді жариялады.

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта өткен WTA Finals турниріндегі тарихи жеңісінен кейін 6-орыннан 5-орынға көтерілді. Юлия Путинцева 73-орындағы орнын сақтап қалды. Зарина Дияс екі саты жоғарылап, 301-орынға тұрақтады. Жібек Құламбаева төрт орын көтеріліп, 332-орынға жайғасты.

Рейтингтің алғашқы үштігі өзгерген жоқ: Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швёнтек (Польша) және Кори Гауфф (АҚШ).

Жұптық сында қазақстандық Анна Данилина екі позиция төмендеп, 15-орынға түсті. Үздік үштікте Катерина Синякова (Чехия), Тейлор Таунсенд (АҚШ), сондай-ақ үшінші орынды бөлісіп тұрған италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қараша күні маусымның қорытынды турнирінде Елена Рыбакина чемпиондық атаққа қол жеткізді. Жарыс барысында ол барлық кездесуде жеңіске жеткен Елена Рыбакина 1 500 рейтингілік ұпай және 5,235 миллион АҚШ долларын (шамамен 2,75 миллиард теңге) иеленді.