Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Силвамен (Кака) келісімшарттың аяқталғанын мәлімдеді.

Бразилиялық маман 2018 жылдан бері ел құрамасын жаттықтырып, осы жылдар ішінде отандық футзалдың дамуына зор үлес қосты. Оның басшылығымен команда Еуропа мен әлемнің үздік құрамаларының қатарына қосылып, ойыны стилі мен тәртібі, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыру бойынша жаңа деңгейге көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан тарихта алғаш рет жартылай финалға шығып, төртінші орын алды. Бұл жетістік еліміздің футзал тарихындағы ең айшықты жетістік болды.

2022 жылы Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне шықса, ал әлем чемпионатының іріктеуін сенімді өтті. Өзбекстанда өткен додада Қазақстан қайтадан үздік сегіз құраманың қатарынан көрінді.

Кака бас бапкер болған кезеңде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетіп, халықаралық мойындауға ие болды. Бұған қоса, Кака бірнеше рет "Жылдың үздік бапкері" атағына үміткерлер қатарына енді.

Спорттағы еңбегі мен Қазақстан футзалының дамуына қосқан үлесі үшін Паулу Рикардо Кака Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.

Қазақстан футбол федерациясы Какаға көпжылдық еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Оның басшылығымен ұлттық құраманың ойыны мінез бен тұрақтылықтың үлгісіне айналып, нағыз командалық рухты көрсетті. Кака есімі отандық футзал тарихында мәңгі сақталады.