Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Қазгидромет" РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің болжамынша, Атлант мұхитының циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, тұман, көктайғақ және төменгі бұрқасынмен бірге желдің күшеюі болжанады.

"Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыс өңірлерде +5...+15°С, солтүстік-батыста 0...+10°С, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда -3...+2°С, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +5...+15°С шамасында болады", – делінген синоптиктер болжамында.