"Барыс" өз айдынындағы екінші ойында " Салават Юлаев" клубын қабылдады.
Астаналықтар матчтың алғашқы бөлігінде ойын тізгінін ұстағанымен, қатарынан екі рет айып алаңына түскен соң қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Аз құрамда "Барыс" төтеп берді. Алайда үзіліске 36 секунд қалғанда қарсыластар қателікті тиімді пайдаланып, Девин Броссо есеп ашты. Кездесудің ортасында Александр Жаровский уфалықтардың басымдығын еселей түсті.
Үшінші кезеңде Дінмұхамед Қайыржанның шебер шабуылы алаң иелеріне үміт сыйлағанымен, есепті теңестіруге күш жетпеді. 7 қараша күні Михаил Кравецтің шәкірттері өз айдынында "Автомобилистпен" кездеседі.
"Барыс" – "Салават Юлаев" 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)
0:1 – 19:24 – Броссо (Кулик, Калинюк)
0:2 – 29:04 – Жаровский (Горшков, Сучков)
1:2 – 52:40 – Қайыржан (Томпсон)
Қақпашылар: Шутов – Вязовой
Бұл жеңістен кейін "Салават Юлаев" 20 ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орынға көтерілді. Ал "Барыс" (19 ұпай) плей-офф аймағынан шығып, тоғызыншы орынға түсті.