Онымен бірге көші-қон қызметінің қызметкері де қолға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
20 қазан күні Сырым ауданының полиция бөлімінің бастығы мен көші-қон қызметінің қызметкері ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.
Қосымша мәліметтер жарияланбайды, өйткені ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу барысына немесе оның нәтижесіне әсер етуі мүмкін ақпаратты жария етуге тыйым салынады.