Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 1 млн 460 мың теңгені құрады.
Теректі аудандық сотының үкімімен ерлі-зайыптылар дропперлік үшін сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айыпталушылар өздерінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға беру арқылы ақшалай қаражатты заңсыз аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларына қатысқан.
Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура азаматтарды қырағылық танытуға және банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.