Жыл басынан бері Ақмола облысында 1000 гектардан астам жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Ұзақ мерзімге жалға алған шаруалар мен серіктестіктер жерді игермеген. Мақсатсыз пайдаланғандар да бар. Жайылым мен шабындықтар қараусыз қалған. Мысалы, Ақкөл ауданындағы орманды алқапта туристік нысандар салынуы тиіс еді. Алайда жылдар бойы құрылыс жүргізілмеген.
Прокуратура актісінен кейін, құны 3 млрд теңгеден асатын 13 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Құзырлы органның мәліметінше, жерді конкурссыз беру деректері де тыйылмаған. Мемлекет қорына қайтарылған жерлер заңды түрде айналымға ензіліп, кезекте тұрған ауылдықтар мен шаруаларға үлестіріледі. Айта кетейік, өңірде 500 мың гектарға жуық жайылым жетіспейді.
Меруерт Байболова, облыс прокурорының көмекшісі:
- Ағымдағы жылдың өткен кезіңінде облыс прокуратурасы органдары жер заңнамасы саласында 42 тексеру мен талдау жүргізіп, 44 қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың тоғыз лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке, бір тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мемлекетке жалпы құны 5,3 млрд теңгені құрайтын 53 жер учаскесі қайтарылды.