Өткен маусымда “ Қайрат »”финалға дейін жетіп, “Пальмеге” есе жіберген еді.
Футзалдан “Қайрат” бүгін, 30 қазанда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойынын өткізеді. Алматылық команданың қарсыласы турнирдің екі дүркін жеңімпазы, португалиялық “Спортинг” клубы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл ойында кім жеңсе де, тіпті матч тең аяқталса да, екі команда да УЕФА Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасында және сайтында 20:50-де басталады.
Топтық кезеңнің матчтары Хорватияның Макарска қаласында өтуде. Бұл топта “Қайрат” пен “Спортингтен” бөлек, “Ново Вриеме” (Хорватия) және “Приштина” (Косово) клубтары бар.
Еске сала кетейік, алғашқы турда “Қайрат” “Ново Вриемені” 3:2 есебімен жеңсе, “Спортинг” “Приштинаны” 19:1 есебімен ұтты.
Сондай-ақ, Чемпиондар лигасының осы кезеңінде тағы бір қазақстандық “Семей” клубы да ойнап жатыр. Олар 29 қазанда чехиялық “Хрудимді” 9:5 есебімен тізе бүктіріп, турнирді сәтті бастады.