Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасы аясында «Олимпиакоспен» кездеседі.
Отандық сарапшылар қарсыластың қапысын табу оңайға соқпайтыны айтады. Бірақ жасанды алаң алматылық ұжымға аз да болсын көмегін тигізер ме деп топшылайды.
«Қайрат» — «Олимпиакос» матчына төрешілер тағайындалды. Бұл ойында испандық мамандар қазылық етеді. Яғни кездесуді Ла Лигадан келген Хуан Мартинес бастаған төрешілер тобы қадағалайды.
Бүгін араға 10 жыл салып, чемпиондар лигасының гимні елордада қайта шырқайды. Алматылық "Қайрат" Астана-Арена стадионында грекиялық "Олимпиакосты" қабылдайды. Қос команда да жасанды алаңға бой үйретіп, ойын алдындағы жаттығу жиындарын өткізді.
Руслан Бақытжан, сарапшы:
- Олимпиакос командасының аяқ алысы өте жақсы. Ішкі чемпионатта ОФИ командасын 3-0 есебімен жеңіп, 34 ұпаймен грекия суперлигасында жеке дара көш бастап тұр. Сондай-ақ Грекия кубогіндегі жағдайы да жақсы. Одан бөлек соңғы 5-турда өз үйінде Реалды қабылдап, 3 гол соқты. Иә 3:4 есебімен жеңілді. Бірақ Реал қақпасына 3 гол соғу оңай шаруа емес. Сондықтан бұл команданың аяқ алысы өте мықты.
Шыңғыс Сенғажин, спорт журналисі:
- Олимпикос осы күнге дейін кездескен қарсыластарға қарағанда өте мықты басым қарсыластардың бірі. Көбісі "Реалмен" салыстырады. "Қайрат" сырт алаңда кездескен "Интер" мен "Олимпиакостың" деңгейін қарайтын болсақ "Олимпиакос" басымырақ.
Дәл қазір қос клубтың арасын 2 ұпай ғана бөліп тұр. 5 турдың қорытындысы бойынша Қайрат 1 ұпаймен 35-орында. Олимпиакос 2 ұпаймен 33-сатыға жайғасқан. Әзірге Арсенал, ПСЖ, Бавария сынды алпауыт клубтар көш бастап тұр.
Асқар Хамиден, сарапшы:
- “Олимпиакосқа” қарсы кездесу "Қайрат" үшін тағы бір сынақ болады. Оның үстіне Дастан Сәтбаев кездесуге қатыспайды командағы көшбасшы ойыншылардың бірі. Сондықтан осы тұрғыдан алағанда өте күрделі матч болатыны сөзсіз. 9 жыл бұрын Астана "Олимпиакоспен" Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған. Ол кезде Астана-Аренада 2:2 есебі тіркелген.
Жасанды алаң "Қайраттың" ең ұтымды тұсы. Кезінде "Астана" командасы да соны сәтті пайдаланып, еуропаның атақты клубтарымен терезесі тең деңгейде өнер көрсеткен еді. Соны пайдалана білсе қарсыластардан 1 емес 3 ұпай алуға мүмкіндік бар дейді сарапшылар.
Руслан Бақытжан, сарапшы:
- Қазақстан біріншілігінде білесіздер. Көптеген стадионда жасанды синтетикалық төсеніштер. Сондықтан "Қайрат" мұндай стадионда ойнап үйреніп қалған. Сондықтан "Қайратта" басымдық болады деп ойлаймын. "Олимпиакоста" керісінше қиындықтар болуы керек осыған байланысты. Өйткені Грекия чемпионатындағы ойындардың бәрі табиғи яғни тірі шөпте өтеді. Нақты есепті айту қиындау. Бірақ 2 команда да гол соғады деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл кездесуде 2:1 есебімен Қайрат жеңіске жетеді.
Матч Астана уақытымен 20:30 да басталады. Ойынды отандық арналар тікелей эфирде көрсетеді.