Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде еңбек еткен мұғалім Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде көмектесуге уәде еткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі уақытта «пысықай» ұстазға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жағдай бойынша оқушының әкесі шағым түсірген.

«Полиция органдарына ер адам келіп, бұрын Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде ұстаздық қызмет атқарған әйел адам ҰБТ тапсыру кезінде көмектесемін деген желеумен 1 млн теңге көлеміндегі ақшасын алдап-арбау жолымен алғанын айтып, шағым түсірді», — делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, аталған әйел адамның басқа істерге қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ал мұғалімнің өзі бүгінде мектеп жұмыс істемейді.