Науқасқа толық көлемде қажетті ем көрсетіліп жатыр.


Павлодар облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағынан аман қалған ұшқыштың жағдайы туралы дәрігерлер мәлімет берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"1998 жылы туған науқас Апаттар медицинасы орталығының бортымен Железин аудандық ауруханасынан Павлодар қалалық №1 ауруханасының политравма бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта диагностикалық тексерулер жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау басқармасы.

Кейін дәрігерлер зардап шеккен азаматтың Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне "политравма" диагнозымен түскенін нақтылады.

"Науқасқа толық көлемде қажетті ем көрсетіліп жатыр. Оның жағдайы тұрақты бақылауда", – деді ведомство өкілдері.