Бюджет қаржысын жымқырған шенеуніктер ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарының бірнеше басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәліметке сүйенсек, Қоғамдық даму басқармасының басшысы бағыныштысымен бірлесіп, қызметкерлердің еңбекақысына арналған 191 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған деп күдікке ілінген.

Сонымен қатар Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы оң қорытынды алу мақсатында комиссия мүшелеріне 16 млн теңге пара бергені үшін тексеріліп жатыр.

ҰҚК мәліметінше, соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынған.


Оқи отырыңыз: Армениядағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 33 адам ұсталды