Биыл 137 ел мен валюталық одақтар цифрлық ақша әзірлеуге кіріскен.

Бұлар әлемдік ішкі жалпы өнімнің 98 пайызын құрайды. Ал, 5 жыл бұрын бар-жоғы 35 мемлекет цифрлық валюта енгізуге екпін берген еді. Қазір 72 ел аталған бағытты шыңдап зерттеп жатыр. Сынама жобалардан бастап толыққанды іске қосуға дейінгі үдеріс қамтылған. Солардың ішіндегі ең ірісі қытайлық цифрлық юань саналады. Транзакциясы 7 трлн юаньға немесе 980 млрд доллардан асады. Бұл білім беру, денсаулық сақтау және туризм сияқты түрлі салада қолданылады. Екінші орында – Үнді цифрлық рупия. Айналым көлемі биыл 120 млн доллардан асты. Былтырдан 350%-ға артық.

2025 ж – 137 ел ↔ әлемдік ІЖӨ 98%

2020 ж – 35 ел

Терең зерттеу – 72 ел

Ірі сынама жобалар: Қытай (E-Cny) — ¥7 трлн ($986 млрд)

Үндістан (E-Rupee) — ₹10,1 млрд ($122 млн)