Қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылғы маусымда өзінің кәсіби мансабындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Әлемнің 16-ракеткасы Парижде өтіп жатқан «Мастерс» сериясындағы алғашқы айналымда аустралиялық Алексей Попыринді 6:4, 6:3 есебімен ұтып, ATP турнирлеріндегі биылғы маусымдағы 34-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл көрсеткіш Бубликтің жеке рекордын жаңартты. Бұған дейін ол 2021 жылы бір маусымда 33 жеңіске жетіп, ең үздік нәтижесін тіркеген болатын.

Келесі кезеңде қазақстандық спортшы екінші айналымда франциялық Корентин Муте мен америкалық Райлли Опелка арасындағы кездесудің жеңімпазымен кортқа шығады.

Айта кетсек, Париждегі беделді «Мастерс» турнирінің қазіргі жеңімпазы — германиялық Александр Зверев. Өткен жылы ол финалда франциялық Уго Умберді тізе бүктірген еді.