Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан тағы екі медальға қол жеткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екатерина Михайленко ұзындыққа секіруден 5.74 метр нәтижемен қола жүлдегер атанды.
Маргарита Косинова 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 01:01.36 уақыт көрсеткішпен мәреге екінші болып жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Вероника Елисеева балға лақтыру сайысында үшінші нәтиже көрсеткен еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз