Оқиға 23 қазан күні болған .

Түркістан облысында сотталушы ауруханада емделіп жатқан жерінен қашып кеткен. Полиция оны іздеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам медициналық мекемеден 23 қазан күні кетіп қалған. Полицияның барлық жеке құрамы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.

"Бақылау бекеттері қойылды. Қажетті жедел-іздестіру шаралары жүзеге асырылып жатыр. Оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды, оның қорытындысы бойынша барлық кінәлі тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданады", – делінген хабарламада.

Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығы істі жеке бақылауына алған.