Мұндай болжамды дәрігерлер жасап отыр.

Қазан айының бірінші онкүндігінде балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы түрлі шағыммен 4,3 мыңнан астам пациентті қабылдап, оның 1300-ден астамы ауруханаға жатқызылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты жергілікті мамандар халықты тұмауға қарсы вакцинациялауға шақырды. Вакцинацияны тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларда тегін жасауға болады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні тәуекел тобына жататын тұрғындардың шамамен 25%-ы екпе алды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың басшылығымен медициналық ұйымдардың басшыларының қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде айтылды.

Биыл жергілікті бюджет қаражатына Ресейлік "Гриппол Плюс" вакцинасының 250 мың дозасы сатып алынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрттен біріне артық. Көлемнің ұлғаюы мегаполистегі халық санының өсуіне байланысты.

Тұмауға қарсы вакцинацияға 6 айдан бастап балалар, мектеп оқушылары мен студенттер, созылмалы аурулары бар ересектер, 2 және 3 триместрдегі жүкті әйелдер, сондай-ақ медициналық және білім беру ұйымдарының, көлік және коммуналдық саланың қызметкерлері жатады.

Алматы ҚДСБ эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Бақжанар Мұхамадиеваның айтуынша, вакцинация қыркүйектің ортасынан бастап қараша айының соңына дейін жалғасады.

"Тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі қазаннан желтоқсанға дейін болжанады, сондықтан дәл қазір табын иммунитетін қалыптастыру маңызды", – деп атап өтті ол.