Қайғылы-жазатайым оқиға – аталған қалада 8 қазанда болған, деп жазады Egemen.kz.

Кәріз желілерін төсеу жұмыстары жүріп жатқан кезде шамамен 2 метрлік топырақ опырылып, 50 жастағы жұмысшы үйіндінің астында қалған.

Полиция «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, адам өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізіліп жатыр.