Алматыдағы мейрамханалардың бірінде әдепсіз әрекетке барған қыз жауапкершілікке тартылды .

Ол Атырау қаласынан ұсталып, үстінен ұсақ бұзақылық бойынша іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қыз кінәсін мойындап, кешірім сұрады.

– Полиция ескертеді: Айналаға және Заңға құрметсіздік көрсетуге жол берілмейді. Қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлық – "Заң және Тәртіп" қағидатының негізі, – делінген хабарламада.

Полиция оған түсіндіру жұмысын жүргізді.