Чхунчхон қаласында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Қазақстан — Корея арасында өтетін плей-офф матчының жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды.
Чхунчхон қаласында 12-13 қыркүйекте Оңтүстік Корея мен Қазақстан құрамасы арасында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобындағы плей-офф матчтары өтеді. Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб мына ойыншыларға сенім артты: Александр Бублик, Александр Шевченко, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Бейбіт Жұқаев. Бәсекелер Songam Sport Town стадионында хард төсенішіндегі корттарда өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Ойын үш сеттік форматта өтеді.
Бүгін, 12 қыркүйек күні жарыс шымылдығын Александр Шевченко ашады. Ол Чон Хенмен ойнайды. Содан кейін Александр Бублик Квон Сун Вумен кездеседі.
13 қыркүйек күні Бейбіт Жұқаев — Тимофей Скатов жұбы Нам Чжи Сун — Пак Уй Сунмен кездеседі. Сосын Александр Шевченко — Чон Хен, Александр Бублик — Квон Су Вон бәсекелері жоспарланған.