Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бүгін теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында "Комби-2" аспалы жолы істен шықты.
Оқиға кезінде кабинада қалып қойған 21 адамды Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары мен курорт қызметкерлері альпинистік құрал-жабдықтар арқылы түсіріп алды. Бұдан бөлек, Талғар асуында күтіп қалған шамамен 100 қонақ қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Курорт әкімшілігі қонақтарға ыстық сусын ұсынып, жылынатын орындар дайындады.
– Зардап шеккендер жоқ. Аспалы жол уақытша тоқтап тұр, қазір оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, – делінген ведомство хабарламасында.