Ол дереу ауруханаға жеткізілді.
Оқыс оқиға жұма күні орын алған. 2023 жылғы бала өз үйінің терезесінен құлап түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, ұл бала екінші қабаттан құлап, көптеген дене жарақатын алған. Сағат 17.00 шамасында жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа ауыр деп есептеледі.
"Баланың бас сүйегі сынып, миы жарақат алған. Оң жақ иығы да сынып, ішкі құрылыстарына зақым келген", — деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының өклідері.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында сегіз бала терезеден құлады. Өкінішке қарай, екеуі өмірден өтті.