Прокуратураның мәліметінше, қала мектептері медициналық тексерулерге арналған сатып алуларды жариялау кезінде артық ақпаратты енгізіп жіберген.


Нәтижесінде құжаттар ішінде қызметкерлердің анкеталық мәліметтері, тұрғылықты мекенжайлары мен телефон нөмірлері жарияланып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша 2065 адамның жеке дерегі кез келген адамға қолжетімді болған. Қадағалау органы бұл жағдайдың заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар қауіп төндіретінін атап өтті. Себебі мұндай ақпаратты алаяқтар өз мақсатында пайдалануы мүмкін.

Тексеру қорытындысы бойынша барлық деректер ашық қолжетімділіктен алынып тасталды. Ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.