Осыдан үш жыл бұрын Данилина — Крунич жұбы осы жарыста финалға дейін жеткен еді.
Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина – сербиялық Александра Крунич ширек финалда америкалықтар Кармен Корли – Ивана Корлимен кездесті. Қазақстандық-сербиялық жұп матчты жақсы бастады – 6:4. Екінші сетте тай-брейкте америкалықтар есе қайырды – 7:6 (7:2). Дегенмен супер тай-брейкте Анна мен Александра шеберліктерінің басым екендігін танытты – 10:8.
Анна Данилина – Александра Крунич финалға шығу үшін чехиялықтар Анастасия Детюк – Мириам Скочпен кезедседі. Жартылай финалдық матч 22 тамыздан 23 тамызған қараған түні Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады.
Айта кетейік, Кливлендтегі турнир аяқталысымен қазақстандық теннисші US Open-2025 турниріне қатысады.