Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Федерацияның мәлімдеуінше, жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина – сербиялық Александра Крунич ширек финалда америкалықтар Кармен Корли – Ивана Корлимен кездесті.

Қазақстандық-сербиялық жұп матчты жақсы бастады – 6:4. Екінші сетте тай-брейкте америкалықтар есе қайырды – 7:6 (7:2). Дегенмен супер тай-брейкте Анна мен Александра шеберліктерінің басым екендігін танытты – 10:8.

Анна Данилина – Александра Крунич финалға шығу үшін чехиялықтар Анастасия Детюк – Мириам Скочпен кезедседі.