Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысының рейтингінде бір сатыға көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Цинциннати (АҚШ) турнирінен кейін 26 жастағы спортшы жарысқа қатысу мүмкіндігі үшін өткізілетін чемпиондық додада 8-орыннан 7-орынға жылжыды.
Чемпиондық жарыста оның алдында Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швёнтек (Польша), Коко Гауфф (АҚШ), Мэдиссон Киз (АҚШ), Мирра Андреева (Ресей) және Аманда Анисимова (АҚШ) тұр.