Әйелдер теннисі қауымдастығы жекелей сында жаңартылған чемпиондық кестені жария етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанғаннан кейін чемпиондық кестеде 13-тен бірден 8-орынға көтерілді. Чемпиондық кестеде Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастаса, биылғы Аустралия чемпионатының жеңімпазы, америкалық Мэдисон Киз екінші, ресейлік Мирра Андреева үшінші сатыда тұр.

Жаңартылған WTA чемпиондық кестесі:

1. Арина Соболенко (Беларусь) — 5120 ұпай.

2. Мэдисон Киз (АҚШ) — 3349.

3. Мирра Андреева (Ресей) — 3055.

4. Ига Швентек (Польша) — 2878.

5. Кори Гауфф (АҚШ) — 2598.

6. Джессика Пегула (АҚШ) — 2548.

7. Жасмин Паолини (Италия) — 2230.

8. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 1950.

9. Элина Свитолина (Украина) — 1751.

10. Эмма Наварро (АҚШ) — 1650.

Жыл соңына қарай үздік сегіздікке кірген теннисшілер WTA қорытынды турниріне қатысады. Бүгін Парижде екі аптаға созылатын Ролан Гаррос ойындары басталды. Осы "Үлкен дулыға" додасында сәтті өнер көрсетсе, қазақстандық теннисшілер рейтингідегі жағдайын жақсарта алады.