Жауынгерлік самбодан Маратбек Рахметоллин XII Дүниежүзілік ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеуінше, Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында жауынгерлік самбодан сайыстар өз мәресіне жетіп, Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс медаль иеленді.
64 келідегі Маратбек Рахметоллин шешуші сында 7 дүркін әлем чемпионы, бейтарап спортшы Шейх- Мансур Хабибуллаға есе жіберіп، күміс жүлдені қанағат тұтты.
Отандасымыздың жарыстағы жолы:
½ финал. Саяқ Бараканов (қазір чемпионатының 3 мәрте жүлдегері) — 4:2
¼ финал. Лукас Борегалес — ауырту әдісі.
Сонымен бірге، Қазақстанның ерлер құрамасы мен әйелдер құрама командасы — XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстан ерлер құрамасы финалда Украинамен жолығып, 0:2 есебімен жол берді. Ал، әйелдер құрамасы финалда Өзбекстанмен кездесіп، 0:3 есебімен ұтылды.
Осылайша, 32 жылдан кейін Дүниежүзілік ойындар бағдарламасына қайта енген жауынгерлік самбодан жерлестеріміз 1 алтын, 3 күміс медальмен аяқтады.